Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150007, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесi, 57 в.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттiк тiлде — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде — Коммунальное государственное учреждение «Управление земельных отношений акимата Северо-Казахстанской области».

10. Осы ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

12. «Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

13. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

14. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:

Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастарын реттеу.

16. Мiндетi: Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастары саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу және жер қатынастары саласында мемлекет мүддесiн қорғау.

17. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:

1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау) мақсаттары үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды iске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және игеру үшiн, магистралды құбыр жолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтаждығына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибелiк шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

4) жердi резервте сақтау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

5) өз құзыретi шегiнде мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

6) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

7) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

8) облыстың жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

9) өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткiзудi ұйымдастыру;

10) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

11) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

12) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;

13) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзуге жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

15) жер-кадастрлық жоспарды бекiту;

16) орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;

17) жылжымайтын мүлiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 94-бабы 2-тармағының үшiншi бөлiгiне сәйкес жер учаскесiне ауыртпалықты белгiлеуге және тоқтатуға өтiнiш беру;

18) Жер кодексiмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен белгiленген құзыреттерге сәйкес аудандар арасында жер қатынастарын реттеу;

19) жеке және заңды тұлғалардың жер мәселелерi жөнiндегi ауызша және жазбаша арыздарын қарау, жер заңнамасын түсiндiру жөнiнде консультация өткiзу.

18. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары мен мiндеттерi:

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде заңнамада белгiленген тәртiпте мыналарға құқылы:

1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар және ұйымдармен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтiк хат-хабар алмасуға;

2) мемлекеттiк органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан өз функцияларын орындауға қажеттi ақпаратты белгiленген тәртiпте сұратуға және алуға;

3) қолданыстағы заңнамалық актiлерде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк органының қызметiн ұйымдастыру

19. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

20. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) өз орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелердiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) басқарма қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) басқарма қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;

4) бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ басқарма қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;

5) басқарманы мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

6) басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

7) ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

8) басқармаға жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуына, сондай-ақ басқарма қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап бередi;

9) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

24. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы облыс әкiмiне бағынады және оның тiкелей басқаруымен жұмыс iстейдi.

25. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымын басшы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлiмшелер (бөлiмдер), «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзге де лауазымды адамдары құрайды.

26. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылады, оларды басшы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

27. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi оның құрылымдық бөлiмшесi — әкiмшiлiк бөлiм жүзеге асырады.

28. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары мен еңбекақы мөлшерi Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

29. Зейнет жасына келген қызметкерлердi зейнетақымен қамтамасыз ету мемлекеттiк қызмет және зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi

30. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан және айналымдық қаражаттардан, сондай-ақ құны мемлекеттiк мекеменiң балансында көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.

31. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату

33. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

34. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi таратылғаннан кейiн мүлкiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi және өзара қатынас

35. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мен құрылтайшы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

36. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмшiлiгi мен еңбек ұжымы арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

37. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiндегi жұмыс тәртiбi сенбi және жексенбi — екi демалыс күнiмен бес күндiк жұмыс аптасында сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейiн, демалуға және тамақ iшуге арналған үзiлiс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiн белгiленген.

07.09.2016 10:52

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі
«Жер заңды негiзде»
Азаматтардың өтiнiштерi мен арыздары

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика