Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма жұмысы || Заңнама

Заңнама

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алуға жауапкершілікті түсіндіру

ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкесжерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу, мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармауда — айыппұл салынады.
Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу — жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi.

Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап етуге құқылы. Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті.
Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Zip (118 Kb)

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

Қаулылар

  1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысы
  2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 228 қаулысы
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 304 қаулысы
  4. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 Қаулысы
  5. «Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140 қаулысы

Кодекстер

  1. «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі Zip (160 Kb)
  2. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 2 шiлдедегi № 225-V ҚРЗ Zip 89 Kb
  3. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды түбегейлi жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V ҚРЗ Zip 417 Kb

26.07.2017 09:45

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі
«Жер заңды негiзде»
Азаматтардың өтiнiштерi мен арыздары

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика