Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:

Адрес: Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Парк к-сi 57-В.

Индекс: 150000.

Web-сайт: www.yzo.sko.gov.kz.

Электрондық пошта: oblzem@sko.kz.

Сенiм телефоны: 8 7152 53-36-41.

«Солтүстiк Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады:

Тапсырмалары: Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастары саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу және жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау.

Функциялары: 

1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшiн, магистральды құбырлар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибелiк шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

4) жердi резервте қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

5) өз құзыретi шегiнде мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

6) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

7) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

8) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

9) өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

10) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;

11) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

12) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;

13) осы Кодекстiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

15) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзып пайдаланылатын жерлердi аталған бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдарына ақпарат берiп анықтау;

16) жер кодексiмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен белгiленген құзыреттерге сәйкес аудандар арасында жер қатынастарын реттеу;

17) жер мәселелерi жөнiнде жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша арыздарын қарау, жер заңнамасын түсiндiру жөнiнде консультация өткiзу.

09.08.2017 10:22

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі
«Жер заңды негiзде»
Азаматтардың өтiнiштерi мен арыздары

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика